14.05.2020, 16:26
Оқылды: 16

Жаңа қоршауға казталовтық тұрғындар риза

 Ауданымызда абаттандыру жұмыстары қарқынды. Елді мекендердің көшелеріне қара жамылғы, жаяу жүргінші жолы төселіп, басқа да тың жұмыстар жүргізілуде. Ауданымыздың орталығы саналатын Казталов ауылы да жылдан-жылға көркейіп, ажарлана түсуде. Соның айғағындай аудан орталығының шығыс бөлігінде жаңа мөлтек аудан пайда болды.

7AA9BDEE-9125-4A99-AB05-D40A33B34FD3

Билік тарапынан жеке үй салғысы келген тұрғындарға жер телімі беріліп, сол жерлерге барлық инженерлік желілер тартылған болатын. Не бәрі 2-3 жыл ішінде бұл аумақта жаңа үйлер жаңбырдан кейінгі атқұлақ сияқты көбейіп жатыр.

Жаңа мөлтек ауданның бір бөлігінде осыдан екі жыл бұрын жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 үй салынып, үйге мұқтаж азаматтарға берілген болатын. Жаңадан салынған үйлердің тұрған жері жақсы жобаланған. Алдағы уақытта көшеге қара жамылғы төселетін болса, сонымен бірге 600 орындық жаңа мектептің де құрылысы жүргізіліп жатыр. Орталыққа да алыс емес.

8BAB5857-B7EA-422C-99AB-68CC20D84654

Жақында жаңа үйдің тұрғындары тағы бір мәрте қуанышқа бөленді. Яғни С.Садықов, Мәңгілік ел көшесінде орналасқан 15 үйдің қоршауы жасалып, бұрын ашық-шашық жатқан үйлер қыздың жиған жүгіндей көріктеніп шыға келді. Аталмыш жұмыс жүзеге асу үшін биылғы жылы аудандық бюджеттен 7 млн. 61 мың 750 теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жұмысты атқаратын мердігер мемлекеттік сатып алу порталы арқылы анықталып, құрылыс жұмыстарын Абат Хитаров басқаратын «СаматКом» жеке кәсіпкерлігі ұтып алған болатын.

Сонымен 15 үйдің шарбақтарын қоршау жұмыстары басталып та кетті. Шарбақтардың метал-құрастыру жұмыстарын Қоныс ауылының тұрғыны Ерлан Ақболатовтың бригадасы атқарды. Бұрыннан темірден түйін түйген Ерланның қолынан шыққан дүниелер аудан халқына жақсы таныс. Күні кешегі төтенше жағдай кезінде Ерланның жігіттері блок-бекеттерге шағын контейнерлер жасап берген болатын. Шебер де ширақ қимылдаған жігіттер екі жұма уақытқа жетпей бір шақырым қашықтықты құрайтын қоршау жұмыстарын уақытынан бұрын бітіріп тастады. Тұрғындар да дән риза.

503A1B2A-C182-49F2-BE20-3E8A44FB5169

- Мен жаңа үйге көшіп келгеніме 2 жылдан асты. Қоршау болмағасын шарбағымыздың ортасынан көлік те, мал да кесіп өте беретін. Міне, енді, сәнді де сапалы қоршау орнады. Осы қоршаудың орнауына мұрындық болған ел басқарып отырған азаматтарға және құрылыс жұмыстарын жүргізген Ерлан інім бастаған Қоныс ауылының жігіттеріне алғыс білдіремін! - дейді Мәңгілік ел көшесінің тұрғыны Дәурен Есқалиев.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале