8.06.2020, 13:54
Оқылды: 32

Казталовта үй құстары сатылды

Бүгін Казталов аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен Казталов, Жалпақтал ауылдарында Орал қаласынан келген жеке кәсіпкер «Кенжеғалиев» үй құстарын сатты.

Kus (3)

Сатылымға 1000 үйрек, 1000 қазының балапандары, тауық пен үй құстарының басқа да түрлері шығарылды. Сонымен бірге олардың азығы – жемге де сұраныс көп болды.

Ауданымызда былтырдан бері құс шаруашылығымен айналысқысы келетін тұрғындар үшін біраз мүмкіндік жасалды. Үй құстарын асырауға ден қойып, кәсібін ашқан азаматтар да жоқ емес.

Бүгін де үй құстарын сатып алушылардың қарасы көп болды. Олардың қатарында  «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант» иегерлері де бар. Бұл – өз ісін бастаушылар үшін жақсы бастама екені сөзсіз.

Диана Галиева,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале