Таяуда «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Люция Жұбанышқалиева, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ганмирлан Тұрғаналиев, аудандық мәслихат депутаты Виктор Фролов және бақылау комиссиясы мүшелері Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде болды.
Тексеріс барысында күрделі жөңдеу жүріп жатқан нысанның жұмыс барысымен танысып, құрылыс сапасы, жобасы, аяқталу уақыты және инфрақұрылым жағдайы бақыланды.
– Монтаж жұмыстары аяқтала келді. Енді ішкі жұмыстар қолға алынуда. Бірінші және екінші қабаттарына сылау жұмыстарын да бастап кеттік. Сонымен бірге жаңадан терезелерін қойып жатырмыз. Шатыры ауыстырылмайды. Қалғанының бәріне толықтай жөндеу жүргізетін боламыз. Мектептің ішкі жұмыстарын аяқтаған соң сыртқы жұмыстарын жасаймыз. Өрнектастар төселіп, қоршаулар ауыстырылатын болады, – дейді «Шынбаев С» ЖШС басшысы Айбар Ғабдушев.
Әсет Баян
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер