12.06.2020, 11:25
Оқылды: 19

Мемлекеттік органдарға жұмысшыларының 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге жіберу ұсынылды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Memleket

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына қол астындағы жұмысшыларының 80% -ын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру ұсынылды, деп хабарлады Премьер-министрдің сайты.

Сондай-ақ облыс әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтарының жұмысын күшейтуді, талаптарды орындамаған объектілердің анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше қызметін уақытша тоқтату бойынша нақты шаралар қабылдауды қолға алуы қажет.

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале