Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылдық округіндегі «Жұлдыз» бөбекжайы - балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп отырған ұжым. Елу орынға арналған бөбекжайда екі топ жұмыс істейді.
–Баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатқаны баршаға аян. Осы орайда ұжым болып, өз газетімізді қолдауды ұйғардық. Өйткені біздің ұжым үшін «Теректі жаңалығы» газетінің орны бөлек. Бұл – бізге керек газет, – дейді «Жұлдызға» басшылық етіп отырған Ләззат Бекишова.
Айшабибі Мәмет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz