Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар кентінің тұрғындары бие байлап, қымыз баптап отырған өңір.
Әлемдік рекорд жасаған «10 мың литр қымыз» жобасының авторы, Ақ Жайық өңірінің тумасы Нұргүл Орынбасарова аудан халқымен бірлесе отырып, сындарлы сәтте жерлестеріне «Ем болсын!» деген ниетпен қымыз жіберді.
- Ауылымызда 1000 емес, 2000 мыңға жуық күбі бар екен. Соның құрғап тұрғаны жоқ, шүкір. Бүгінде осынау қиын сәтте қымызды Алматы, Нұрсұлтан, Жезқазған, Қызылорда, Батыс Қазақстан облысына да тегін таратып, жіберіп жатырмыз.
Ем болсын! Арыстай азаматтар аман болсын! Ақ мол болсын! – дейді Ақ Жайық өңірінің тумасы, «10 мың литр қымыз» жобасының авторы, Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының депутаты, «Жаңаарқа 2017» ауылшаруашылық өндіріс әріптестігінің басшысы, жерлесіміз Нұргүл Орынбасарова.
- Қазір БАҚ беттерінде «қымызды Немістер потенттеп алған» дегенді оқып жүрміз. Бұл толыққанды расталған ақпар емес. Дақпырт. Олар әлі потент алмаған. Потент құрғақ қымызға ғана. Бұндай қымызды біздің де жасауымызға, өндіруімізге әбден болады. Біздегі өрістің кеңдігі, оттың қуаттылығы, малдың еркін жайылып, таза су ішуі, бәрі-бәрі де қымыздың сапасына тікелей әсер етеді. Жылқы қасиетті мал. Оның сүті де ем. Түн жайылатын, судың тұнығын ішетін, белгілі уағында сауынға өзі келетін малдың сүтін ұнтаққа айналдыру оның сапасына айтарлықтай әсер етеді.
Барды бағалап, жақсы күндерге бірге жетейік! - дейді жерлесіміз Нұргүл Охасқызы.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz