21.07.2020, 16:30
Оқылды: 138

Батысқазақстандық ақын "Дүние таланттары" өнер одағына мүшелікке өтті

Республикаға танымал ақын, зерттеуші ғалым, облыс орталығы Орал қаласындағы «Ақберен» ақындар мектебінің қосымша білім педагогі Талап Таймасұлы "Дүние таланттары" өнер одағының мүшесі атанды.

1C60AEF1-D04D-44CC-8E1F-3C7D864CB736

"Дүние таланттары" өнер одағы өнер шаңырағын құрып, ел мен елдің өнерін байланыстыруға себепші болып отырған одақ. Одақ негізін салушы Нұрдана Дәулетова.

- "Дүние таланттары" өнер одағына мүшелікке өту арқылы аз ғана уақыттың ішінде қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түрік ақындарымен тығыз байланыста болу мүмкіндігіне ие болдым.

Үй маңынан ұзай алмай жүрген өлеңдерім осы аталмыш халықтардың назарына ілігіп, олар қызығушылықпен өлеңдеріме аудармалар жасап,  әлеуметтік желілерде таратып отырды.

Қырғыз тіліне 12, түрік тіліне 4 өлеңім аударылды. Өзім де тағы бір қырымнан жол тауып, аудармаға көңіл бөле бастадым.

Қазіргі таңда қырғыз жырларынан 17, өзбек жырларынан 7, қарақалпақ қосықтарынан 2 өлеңге, барлығы 23 аударма жасап, желілерде жақсы көзқарас, бағаға ие болып отырмын.

Болашақта одақтың жоспарында ортақ жинақтар шығару бар.  Бұлармен қатар одақ арнаулы мерекелерде ортақ мүшәйралар өткізіп отырады. Өзім екі мүшайраға қатысып, жеңімпаз болдым. Жалпы, "Дүние таланттары" өнер одағы барлық өнер түрін қамтиды, - дейді танымал ақын, зерттеуші ғалым Талап Таймасұлы.

Ертай Бимұханов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале