18.08.2020, 15:43
Оқылды: 59

Рубежкалық мұғалімдер 7 отбасыға демеуші болды

«Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж және көпбалалы жеті отбасыға Рубежка мектебінің мұғалімдері демеушілік көрсетті.

Mektepke jol

«Балаларға бірге көмек берейік» ұранымен өткізілген шара барысында оқушыларға оқу-құралдары мен киім-кешек таратылды. Ұстаздар бөлген ақшаға алынған қажетті заттарды ауыл еріктілері әр баланың үйіне жеткізіп берді.

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі - мұқтаж жандарға көмектесу. Аталмыш акцияға қолдау білдіріп, қайырымдылық жасаған мектеп ұстаздарына алғысымыз шексіз. Акция әлі де өз жалғасын таба береді, – дейді  Рубежка ауылдық округінің еріктілер тобының белсенді мүшесі, мектеп мұғалімі Айнұр Қожабаева

 

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале