20.08.2020, 10:51
Оқылды: 62

 Шыңғырлау ауылында сенбілік өтті             

Ауыл-аймақ тазалығы қай уақытта да, қай жағдайда да күн тәртібінен түспеуі тиіс. «Ауылына қарап, азаматын таны» демекші, ауылымызға келген сырт көз алдымен оның тазалығына сыни көзбен қарары белгілі. Наурыз айынан бастау алған шектеу шаралары тұсында да ауыл, көше бойын таза ұстау, ретсіз тұрмыстық қалдықтардың қордалануына жол бермеу, тұрғындардың белсенділігін арттыру мақсатында бірнеше сенбіліктер өтті. Тіпті жастардың бастамасымен Шыңғырлау ауылы іргесіндегі өзен-көлдердің жағалаулары қайсыбір ұқыпсыз, жауапсыз тұрғындар тастап кеткен қоқыс қалдықтарын жинастыру жұмыстары жүзеге асты.

Сенбілік

Жуырда көше келбетін сақтау, жас шыбықтар егілген қоршауларды сырлау, жол бойында ретсіз өскен арамшөптерді жою мақсатында Шыңғырлау ауылдық округі аппаратының бастамасымен кезекті сенбілік өтті. Ұйым-мекемелер өздеріне бекітілген жерлерде, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізіп, ретсіз шашылған қоқыстарды, қураған ағаш шыбықтарын жинап, әктеп, түптерін қопсытып, қоршауларды сырлап, ауылымызға жаңа рең беруге атсалысты.

Сенбілік алдымен осы жердің ауасын жұтып, суын ішіп отырған әрбір тұрғынның өзіне керек деп ойлаймыз. Өйткені тазалық сақталған жерде ешбір ауру тұрмасы белгілі. Ендеше, әрдайым көшемізді, аула мен қора-қопсымызды ретке келтіріп, жинақылық танытып, салауатты өмір салтын ұстануды ұмытпайық.

                                                                                      Гүлім Шынтас,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале