24.08.2020, 17:41
Оқылды: 77

Бәйтеректе «Таза жағалау» акциясы өтті

Бәйтерек ауданында дәстүрлі «Таза жағалау» акциясы өтті.

jagalau (1)

Өңірдегі ең үлкен өзендерді жағалай қонған аудан үшін бұл шараның маңызы зор. Өйткені өзен-көлдер жағасының тазалығы – бүгінгі таңдағы ең басты мәселелердің бірі.

Акцияға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер және ауыл тұрғындары қатысты. Барлық 22 ауылдық округте бір мезетте басталған тазалық шарасына 700-ден астам тұрғын атсалысты.

jagalau (3)

– Табиғат – біздің басты байлығымыз, сол қисапсыз байлықты таза ұстауымыз керек. Күні кеше оздырылған «Таза жағалау» акциясы барысында өзен-көлдердің жағасы қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Бұл жұмысқа адамдармен қатар 29 техника жұмылдырылды. Туған өлке табиғатының таза болғанын қалайтын жандардың көмегімен 30 тоннадан астам қоқыс шығарылды, – деді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Данияр Кушубаев.

jagalau (4)

Жиналған қоқыстың көп бөлігі шыны шөлмектер мен пластикалық ыдыстар болғанын айтады ұйымдастырушылар. Осы ретте аудан тұрғындары мен қонақтардың қоршаған ортаға қамқор болуларын сұраймыз. Алдағы уақытта тазалық шаралары қадағаланып, акция өз жалғасын таппақ.

Аружан Болатбек,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале