Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен тікелей эфирде өткен «Əкім сұхбаты» бағдарламасында өңір басшысына жолданған сауалдардың ішінде жекелеген қала тұрғындары тарапынан көше атауларын өзгертуге байланысты да сұрақтар қойылды.
- Қаламыздағы орталық көшелердің біріне Ұлы Абай есімін беру біріншіден, тұрғындардың талап-тілегінен туындады. Мәслихат депутаттары да бұл шешімді бірауыздан мақұлдады.
Еуразия – абстрактылы ұғым. Ал Абай есімі, мұрасы – баршамызға ортақ. Ұлы Абай тек қана қазақтың ғана бас ақыны емес. Ұлы Абай есімін дүниежүзі біледі, ардақ тұтады. Абай шығармаларын сүйсіне оқиды. Ұлы Абай – халықтық тұлға. Сол себепті дана да дара Абайға даңғыл атауын беру дұрыс шешім деп ойлаймын, - деді өңір басшысы Ғ.Есқалиев.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz