10.09.2020, 10:15
Оқылды: 15

Жаңақалада жастар белсенділері бас қосты

Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастарымен еркін пікір алмасу мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақан Қапанов және де «Жайық Пресс» ЖШС Жаңақала филиалы – Жаңақала аудандық "Жаңарған өңір" қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Алтынбек Ермекқалиевтің қатысуымен кездесу өтті.

Жас 1

Кездесу шеңберінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланып, ой-пікірлер ортаға салынды.

Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Марлен Ғилымханов Жолдауда көтерілген мәселелерге тоқталды.

- Мемлекет қашанда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда бағдарламалар қабылдап келеді. Соның ішінде «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» т.б. бағдарламалардың берері зор. Ауқымы да кең.

Ауыл жастары да мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдауды сезінеді. Сол себепті де қоғамдағы мәселелерге үн қосуға әркез әзір, - дейді ресурстық орталық басшысы Марлен Мәлікұлы.

Жас 2

Шара барысында төтенше жағдай кезінде халыққа қамқорлық көрсеткен ауданның белсенді жастарына Батыс Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрхат Ораштың алғыс хаттары табысталды.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале