25.09.2020, 15:48
Оқылды: 2

БҚО-да шаһардың урбанистикасына арналған форумы өтті

Бүгін Орал қаласында Grand Zodiak  мейрамханасында шаһардың урбанистикасына арналған форумы өтті.

 1 (3)

-  Қала күні аясында урбанистер форумын өткізіп отырмыз. Шараға қаланың тыныс-тіршілігіне, инфрақұрылымының дамуынан хабары бар, өзіндік үлес қосып жүрген әлеуметтік желі белсенділері, қоғам өкілдері шақырылды. Бұл басқосуда қаланы дамыту жолдары, осы бағытта жергілікті атқарушы құрылымдар атқарып жатқан жобалардың жай-жапсарын талқылауды, ой бөлісуді көздедік.  Орал қаласында урбанистік қозғалыс болу керек деп ойлаймын. Себебі әр қаланың өзіне тән даму қарқыны бар. Осы форумнан қаланы дамыту жолында тиімді де мақсатты бағыт-бағдар аламыз деп ойлаймын, - деді шараны ашқан қала әкімі Абат Шыныбеков. Сонымен бірге шалғайдан келген қонақтарға ризашылығын айтып, форумның сәтті өтуін тіледі.

1 (17) (1)

Форумға облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев, ғылым магистрі(Қазақ-Неміс Университеті), «Vision Zero Sergek» жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жоба менеджері, Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қорының қала көлік жүйесі бойынша сарапшы Роман Барабанов, урбанистика орталығының жетекшісі, Астана қаласындағы «Атырау» жаяу жүргінші көпірінің авторы, урбанист, сәулетші Асхат Садуов,  белсенді, урбанист Еділ Нурлиев,  қала белсендісі, digital маркетолог Әлімжан Бисембаев және сала мамандары мен кәсіпкерлер,  жастар қатысты. Форумға онлайн байланысқа шыққан Роман Барабанов  Орал қаласы жолдарындағы қауіпті аймақтар мен олардағы қозғалысты тежеу шараларына тоқталып,  халықаралық тәжірибелерді ортаға салды.

1 (11) (2)

Ал Әлімжан Бисембаев болса, қаланың қауіпсіздігін арттырудағы мемлекеттік басқару аппаратының мүмкіндіктеріне тоқталды. Орал қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына жол-көлік қозғалысындағы көлік инфрақұрылымын жақсарту мәселесін енгізу қажеттігін айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Шара барысында қатысушылар спикерлерге шаһардағы көше жолдары мен қоғамдық көліктердің тазалығы, арықтар мен тротуарлар мәселесі, жасыл желекті күтіп ұстауға қатысты сұрақтар қойып, жауап алды.

 

Айна Имашева,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале