29.09.2020, 20:02
Оқылды: 71

Қазақстанда мектеп оқушыларының күзгі каникулы жоспарға сәйкес басталады

ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда мектеп оқушыларының күзгі каникулы жоспарға сәйкес басталатынын жария етті.

0A86E978-9FA0-49C6-9D0B-5AB4BF3D08CA

Айта кетсек, бұған дейін Ресей астанасы Мәскеуде мектеп оқушылары күзгі каникулға мерзімінен бұрын шығатыны хабарланған еді. Іле-шала әртүрлі мессенджерде ақпарат шығып, Қазақстанда да оқушылар каникулға ерте шығатыны жайлы мәлімет тараған болатын. Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда мектеп оқушылары үшін күзгі каникулға жоспарға сәйкес шығатынын хабарлайды. Нақтырақ айтқанда, оқушылар күзгі каникулда - 5-14 қараша аралығында демалады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале