Батыс Қазақстан облысында коронавируспен ауырған 4 бала жазылып шықты.
– БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қыркүйек айында төрт баладан COVID-19-ға алынған ПТР тест оң нәтиже көрсеткен. Үш бала өзінің әкесінен, біреуі әжесінен жұқтырған. Олардың барлығы да орта дәрежелі фарингит диагнозымен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Балаларды амбулаторлы түрде емдеуге болар еді, бірақ үйінде ата-анасы ауырғандықтан, қажетті күтімді қамтамасыз ету мүмкін еместігін ескере отырып, ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданды. Он күннен кейін екеуі, 12 күнде тағы екеуі толық жазылып шықты. Ауруханадан шығарардың алдында жасалған қайталама ПТР-тест төрт балада да коронавирус жоқтығын көрсетті.
Індет басталғаннан бері өңірде барлығы 67 баладан коронавирус анықталды. Жалпы, облыста осы кезге дейін 6869 адам тіркелсе, соның 6747-сі емделіп шықты. 109 адам көз жұмды. Қазіргі таңда пневмониядан 58 адам емделуде. 1 адам оттегі концентраторы аппаратына қосылған. Пневмониядан 214 адам қайтты. Жұқпалы аурулар стационарында 29 адам жатыр. 4 адам жансақтау бөлімінде, – деп жазылған Қазақпаратта.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер