24.11.2015, 19:44
Оқылды: 35

Жәнібекте дүкен ашылып, дәмхана пайдалануға берілді

Janibek dyken ashildi  Еліміздің Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Жәнібек ауданының орталығында бірнеше нысан пайдалануға берілді. Жәнібек ауылындағы кәсіпкер Мәлік Дәулетовтың  «МДМ» деп аталатын жеке дүкенінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұрат Мұқаев Елбасының қолдауының арқасында облыс көлемінде, соның ішінде ауданымызда да шағын және орта кәсіпкерліктің айтарлықтай қарыштап дамығанын айқын мысалдармен баян ете келіп, ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Болат Закаринмен бірге су жаңа дүкеннің тұсауын кесті.


Сәулетті сауда үйінің бір жағында азық-түлік, екінші бөлігінде шаруашылық тауарлары сатылады. Дүкен иесі 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Елімізде жүзеге асып жатқан «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы  арқылы былтыр 3 миллион теңге несие алған аудан тұрғыны, кәсіпкер Светлана Исаеваның  70 адамға лайықталған «Дамиля» атты дәмханасы пайдалануға берілді. Нысанды ашқан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі  Мұрат Рахметұлы жиналған жұртшылықты Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтады.

-Ауданда осы мерекеге орай көптеген заманауи нысандар ашылуда. Бүгін ашылған мына салтанатты әрі көрікті дәмхана да аудан жұртшылығының көз қуанышына айналары сөзсіз. Шағын және орта кәсіпкерлік дамыған сайын мемлекетіміз де гүлденіп, нығая береді. Бәріміздің ортақ қуанышымыз құтты болсын!-деді ол.

Дәмхананың ашылуында ғимарат иесі Света Исаева сөз сөйлеп, бағдарламаға сәйкес несие алудың тиімділігін, еңбек еткісі келетін жанға осындай жеңілдік көрсетіп отырған Елбасына, облыс, аудан әкімдеріне ризашылығын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Жәнібек ауданы

                                                                             Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале