29.04.2024, 18:05
Оқылды: 50

Оралда өрт сөндірушілер 53 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады

"БҚО Орал қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің 7 қабатындағы пәтерлердің біреуінде өрт болды", - деп хабарлайды БҚО төтенше жағдайлар департаменті.

9f04cbda-e0d6-445c-b940-880a65438be6

Оқиға орнына дереу келген өрт сөндірушілер 53 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады.

IMG-20240429-WA0129

Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмыстарының арқасында, өрт 18 ш.м алаңда сөндірілді.

Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Өрттің себебі анықталуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале