9.10.2020, 16:47
Оқылды: 65

Шыңғырлау ауданының Ақтау ауылына таза су келеді

Ақтаулықтар үшін биылғы жыл ерекше болмақ. Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасының шарапаты бұл ауылға да тиіп, жақын арада әрбір жанұя, әрбір үй таза ауыз сумен қамтылмақ.

Taza su

Бұл жұмысты келісімшарт бойынша қолға алған мердігер «Болат.Д.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Су жүргізу жұмыстарының басында алты адам және үш техника жұмыс істеуде жіне ауыл тұрғындарынан жұмыссыз жүрген 10 адам тартылған. Жұмыс үстіміздегі жылдың мамыр айында басталып, қараша айында тапсырылмақ. Ауылішілік таза су трассасының ұзындығы 12 шақырымдай болады. Қазіргі таңда экскаваторлар қопарып тастаған көшелерден жүру тіпті мүмкін емес. Дегенмен уақытша қолайсыздықтардың бәрі де ауыл халқының қамы екенін жақсы түсінетін тұрғындар еш мойымайды. Керісінше барлығы жабыла көмек етіп, жұмыстың тез әрі сапалы бітуіне үлес қосуда.

Айсұлу Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале