19.11.2020, 10:53
Оқылды: 48

Пандемиямен күрес жалғасын табуда

Шыңғырлау ауданында Қазақстан Қызыл Ай қоғамының ұйымдастыруымен және аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында ақпараттық шара өткізілді.

06DF6687-8D37-4FED-A5FE-272C6C734BBA

Іс-шара Жастар ресурстық орталығының коворкинг бөлімінде жас мамандардың қатысуымен іске асырылған болатын. Төтенше жағдайлар департаментінің, аудандық аурухананың мамандарымен, мектеп мұғалімдерімен қатар шараға пандемияға байланысты қайырымдылық көрсетіп жүрген волонтерлар да қатысты. Шара барысында маска тағып, арақашықтық ұстанудың маңыздылығы тілге тиек етіліп, алғашқы көмек көрсету жолдары жайында арнайы мастер-класс ұйымдастырылды.  Сонымен қатар еріктілердің құқығы мен міндеттері жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

8A39915F-7984-432F-882D-2ACFBDEB29D8

«COVID-19»-дың алдын алу» атты бұл жобаны МФОКК, КП және USAID-тың қолдауымен жоғарыда айтылып өткен Қазақстан Қызыл Ай халықаралық қозғалысы іске асырып отыр. Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Светлана Тенишева халыққа пандемия кезінде қауіпсіздік техникасының алдын алу дағдыларын үйретіп қана қоймай, арнайы буклеттер, жадынамалар таратты. Осындай пайдалы әрі танымдық іс-шаралар жиі өткізілсе деген еріктілер мен жас мамандардың ізгі тілегі бар. Себебі қазақта «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген керемет нақыл бар емес пе?!

 Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале