Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Жасқайрат Валиуллиев "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.
Биыл аталмыш марапатты еліміздің әр саласында еңбек етіп жүрген 19 жас иеленді.
Мемлекеттік сыйлық ғылыми, шығармашылық және журналистика, қоғамдық саладағы жемісті еңбек үшін, сондай-ақ спорттағы зор жетістіктер үшін тағайындалады.
Жасқайрат Сәбитұлы "Театр және кино" аталымы бойынша үздік деп танылды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының 2020 жылға арналған мөлшері - әр номинация бойынша 600 000 теңге.
Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының ақпарат бөлімі