25.11.2020, 22:26
Оқылды: 15

БҚО-да өртенген вагоннан ер адамның мүрдесі табылды

Батыс Қазақстан облысында өртенген вагоннан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20201125_221950
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 24 қараша күні Бәйтерек ауданы Чесноков ауылы маңында болды.

Сағат 04.00 шамасында ауыл шаруашылығымен айналысатын ЖШС-ның тұрғын үй вагоны жанған.

Өрт сөндірілгеннен кейін 52 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Өрт-техникалық зерттеу жүргізілетін болады.

Аталған вагонда екі ер адам болған. Түтін исінен оянған 34 жастағы жүргізуші сыртқа шығып үлгерген. Қайтқан адам жұмысшы болып істеген.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 204-бабына (бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале