27.11.2020, 10:46
Оқылды: 44

Кезектен тыс сессия өтті

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс ХLVII сессиясы өтті.

90D328BC-0951-4065-8EC9-8ADB41D17798

Аудандық мәслихат депутаты Жалғас Әшенов төрағалық еткен аталмыш жиынға халық қалаулыларымен қатар аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов және бірқатар мекеме басшылары қатысты.

Сессия барысында аудан мәслихатының 2019 жылдың 30 желтоқсанындағы № 34-2 «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар бірқатар жерлестерімізге ауданымыздың «Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс ортаға салынды. Жиын соңында жерлестеріміз Бақытжан Оразғұлов, Нұрболат Жанғалиев, Сайфетден Қожантаев, Рақымжан Шәкіржанов және Серік Мұхамбетшинге жемісті мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық қызметтері үшін «Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы» атағы берілсін деген шешім қабылданды.  

Еркебұлан Бисенғалиев,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале