Батыс Қазақстан облысында қаңтар айында 58 баладан коронавирус анықталды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қыркүйек айынан бері өңірде 263 бала індет жұқтырған.
Соның ішінде қыркүйекте - 4, қазанда - 5, қарашада - 102, желтоқсанда 78 бала ауырды. Қараша мен желтоқсанда 16 балабақша тәрбиеленушісі сырқаттанды. Балалардың бәрі де індетті отбасы мүшелерінен жұқтырған.
Облыста осы кезге дейін 10 030 адам дертке шалдықса, соның 8 661-і жазылып шықты. 183 адам өмірден озды.
Қазіргі таңда жұқпалы аурулар стационарларында 299 адам емделіп жатыр. 28 адам жансақтау бөлімінде.
zhaikpress.kz