Батыс Қазақстан облысында қаңтар айында 99 бала коронавирус жұқтырған.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қыркүйек айынан бері барлығы 304 баладан індет табылды.
Соның ішінде қарашада – 102, желтоқсанда 78 бала сырқаттанған болатын. «Қызыл» аймаққа кірген өңірде соңғы тәулікте 95, бір аптада 555 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді.
Індет басталғаннан бері 10585 адам ауырса, соның 8907-сі жазылып шықты. 197 адам өмірден озды.
Қазіргі таңда инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 7, оттегі концентраторына 15, орталықтандырылған оттегі көзіне 57 адам қосылған.
Облыстағы 7 жұқпалы аурулар ауруханасында 291, 4 карантиндік стационарда 36 адам емделуде. 23 адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат