2.02.2021, 17:27
Оқылды: 10

Бәйтеректе вирус жұқтырғандар азайып келеді

Бәйтерек ауданында «COVID-19» вирусының таралуына байланысты ақпан айына жасалған деректер көрсеткіші алдыңғы айға қарағанда өзгерген.

 f1f9081a415e4581f4bab3422d4b5a50

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Үмбетәлиевтің сөзінше, бүгінде вирус жұқтырғандар мен ауруханаға жатқызылған науқастардың саны азайған. Десе де, өңіріміз әлі де қызыл аймақта екендігін естен шығаруға болмайды. Әр тұрғын қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, бетперде тастамағаны абзал.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының мәліметінше, ауданда коронавирустық инфекция жұқтырған адамдардың 126-сы симптомды болса, 46-сы симптомсыз екен.

Қазіргі таңда 37 науқас ауруханаға жатқызылған. Олардың 16-сы аудандық ауруханада, 17-сі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, ал 4-еуі модульдік ауруханада ем алып жатыр екен. Тағы 125 адам үй карантинінде.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале