«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шараларды да айқындап берді.
Бұл мақалада Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Елбасының дара көшбасшылығының арқасында толағай табыстарға қол жеткізгенімізді атап өтті. Сондай-ақ, егемендігіміздің тұғыры берік болуына халқымыздың даналығы мен парасаты, бірлігі мен ынтымағы, қажырлы еңбегі үлкен сеп болғанын жазды.
Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны - үш құндылықты көздің қарашығындай сақтау керектігін мәлім етті. Ол - байтақ жеріміз, қастерлі тіліміз бен береке-бірлігіміз деп атап өтті.
Мақаланың «Ұлағат пен ұстаным» бөлімінде, азаматтық қоғамды дамыту мен саяси реформаларды жалғастыруға арналды. Білім мен біліктің дәуірі – ХХІ ғасырда қазақ халқы да технологиядан қалыспай, әр адам өзін жетілдіріп, жаңа кәсіпті игеріп, ел дамуының басты қозғаушы күші болуы тиіс деп көрсетілген.
Тәуелсіздік жылдарында білім саласына ерекше назар аударылып, Қазақстан Республикасынды білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
33 860 орындық 68 мектеп пайдалануға берілді.
Бюджеттен жүйелі түрде қаржының бөлінуі есебінен білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базаны жетілдірілуде.
Тәуелсіздік жылдарында балабақшалар санының өсуі, мектеп жасына дейінгі балалар үшін жаңа үлгідегі ұйымдардың ашылуына байланысты мектепке дейінгі білім беру саласы жандандыру басталды.
Өткен жылдарда мектепке дейінгі ұйымдар желісі қалпына келтіріп ғана қоймай олардың санын 515 бірлікке дейін көбейтілді.
Тәуелсіздік жылдарына 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 18,1%-дан 76,3%-ға дейін өсті.
Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесінен мектептерге жаңа оқу бағдарламасы енгізіліп, оқушылар жаңартылған білім мазмұнына көшті.
Тәуелсіздік жылдарында 27 инновациялық бағыттағы мектептер ашылып, соның ішінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер, «Білім – инновация» және «Назарбаев Зияткерлік мектебі».
Білім саласы қызметкерлерінің сапалық құрамы жақсарып келеді. 1991 жылы жоғары білімді педагогикалық қызметкерлер үлесі 64% болса, тәуелсіздік жылдары бұл көрсеткіш 80%-дан асты.
2012 жылдан бері облыстың 28 педагогі «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды.
2018 жылдан бастап педагогтар ұлттық біліктілік тестілеудің жаңа форматы бойынша берілген біліктілік санаттарына сәйкес 30-дан 50%-ға дейін қосымша ақылар алады.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңы аясында 2020 жылдан бастап жыл сайын педагогтердің жалақысы 25% артады, сонымен қатар қолданыстағы қосымша ақылардың көлемінің өсуі және жаңа қосымша ақылар енгізілуі қарастылған.
Тәуелсіздік жылдарында облыстың қосымша білім беру ұйымдарының желісі 25-тен 50 бірлікке дейін ұлғайды. Оқушыларды қамту 10,4% - дан 54,9% - ға дейін артты.
Облыс бойынша егемендік жылдары 2 мемлекеттік колледждің ашылуы әр ауданда кәсіптік және техникалық ұйымдардың қызмет етуін қамтамасыз етті, сонымен қатар жеке техникалық және кәсіптік ұйымдар желісі дамыды.
Тәуелсіздік жылдары арнайы мемлекеттік қамқорлықты қажет ететін балаларға білім алудың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Бүгінгі таңда арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы санына 82%-дан астамы білім беру бағдарламаларымен қамтылған, оның ішінде 68,1%-ы инклюзивті білім алады. 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинеттері және 13 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері ашылды.
Тәуелсіздік жылдары жетім балалармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың контингенті 80%-ға азайды, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі тәрбиеленушілер саны 93%-ға төмендеді. Мекемелердің саны 3 есеге азайды. Жетім балалар мен ата-анасының қамкорлығынсыз қалған балалардың заңды құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық нормалар жетілдірілді. Балалардың бұл санатына бірінші кезекте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу құқығы беріледі. Қазіргі уақытта 620 азамат баспана алды, оның 322-сі балалар үйінің түлектері.
Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай барлық білім беру мекемелерінде қоғамда бірлік пен келісімді, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын қоғамдық санада Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің құндылықтарын нығайтуға, сондай-ақ қоғамды дамудың жаңа мақсаттарына қол жеткізуге жұмылдыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады.
Білім беру мекемелерінде ұстаздар, оқушылар арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы кеңінен насихатталып, түсінік жұмыстары жүргізілуде.
Алаш қайраткерлерін еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету бағытында оқушылар, студенттер арасында тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастырылатын болады.
Барлық білім беру мекемелерінде «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында сыныптық сағаттары, «Ақылды ұрпақ» республикалық жобасы аясында еліміздің жас ғалымдарымен кездесулер, «Рәміздер-елімнің мақтанышы» тақырыбына дебат, сынып сағаттары, викториналар, «Тәуелсіз елдің ұрпағы» атты оқушылар арасында дебат турнирі, «Тәуелсіздік-қанатты үміт, орындалған арман» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы, «Тәуелсіздік хронологиясы» ұлттық зияткерлік ойыны, «Балалар даму академиясы» іздестіру-зерттеу конференциясы және т.б. іс-шаралар жыл бойы ұйымдастырылады.
Білім басқармасының жоспарына сәйкес әлеуметтік желілерде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына және дамуына үлес қосқан тұлғалармен «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» рубрикасы, «Жарқын болашақтың ұрпағымыз» ашық алаңы, Тәуелсіздік құрдастарымен «Тәуелсіздік елім - мақтанышым!» тікелей эфирлері ұйымдастырылады.
Аталған шараларды іске асыру қоғамның идеялық және рухани-мәдени бірігуін тереңдету, оқушылардың, студенттердің санасында мемлекеттілік пен тәуелсіздік құндылықтарын нығайту, патриотизм сезімін қалыптастырып, жаңа табыстарға ұмтылу мен жасампаздықты қалыптастырады деп сенеміз.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі