Жуырда Теректіде ерлер мен әйелдер арасында асық атудан онлайн форматта облыстық жарыс өткен болатын.
Ұлттық ойындарымыздың тәрбиелік мәні, бірлік пен ынтымақ жолын дамытуда маңызы зор. Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі – асық ату. Бұл спорт түрі адамның мергендігін арттырады, дәлдікке, есепке үйретеді.
Сонымен, облыстық жарысқа барлығы 8 аудан қатысты. Сайып келгенде, командалық есеп бойынша жүлделі 1-орынға Теректі ауданы ие болды. Соның ішінде ерлер арасында 1-орынды Өтеген Мүбарак иеленсе, әйелдер арасында тұғырдың екінші сатысына Майра Шарипова (Долин а/о) жайғасты. Ешкімге дес бермеген теректілік спортшылар осылайша намысты қолдан бермеді.
Жерлестерімізді жүлделерімен шын жүректен құттықтай отырып, алар асуларыңыз көп болсын дейміз.
Дана Рахымғалиқызы,
Теректі ауданы