8.02.2021, 17:49
Оқылды: 98

Теректіде асық атудан жарыс өтті

Жуырда Теректіде ерлер мен әйелдер арасында асық атудан онлайн форматта облыстық жарыс өткен болатын.

DD470AD1-4165-47A2-823B-6EC4DB72418A

Ұлттық ойындарымыздың тәрбиелік мәні, бірлік пен ынтымақ жолын дамытуда маңызы зор.  Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі – асық ату. Бұл спорт түрі адамның мергендігін арттырады, дәлдікке, есепке үйретеді.

Сонымен, облыстық жарысқа барлығы 8 аудан қатысты. Сайып келгенде, командалық есеп бойынша  жүлделі 1-орынға Теректі ауданы ие болды. Соның ішінде ерлер арасында 1-орынды Өтеген Мүбарак иеленсе, әйелдер арасында тұғырдың екінші сатысына Майра Шарипова (Долин а/о) жайғасты. Ешкімге дес бермеген теректілік спортшылар осылайша намысты қолдан бермеді.

Жерлестерімізді жүлделерімен шын жүректен құттықтай отырып, алар асуларыңыз көп болсын дейміз.

  Дана Рахымғалиқызы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале