16.02.2021, 16:16
Оқылды: 67

Жақсылық жасауға асығайық!

Қазіргі таңда елімізде пандемияның күшеюіне байланысты жұмыссыздық қарқын алып, көптеген көпбалалы отбасылар көмекке мұқтаж болып отыр.

ш1

Осыған байланысты Шыңғырлау ауданындағы аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы, жалғыз басты аналарға, көмекке мұқтаж отбасыларға (атап айтсақ, З.Боранбаева, Т.Савина, Л.Шлегель) көмек көрсету мақсатында еліміздің шекарасын күні-түні күзетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қалмай, ауданымыздың тыныс-тіршілігіне өз үлесін қосып жүрген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің «Шыңғырлау» шекара бөлімі қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

ш2

Бөлім бастығы, подполковник Я.Сайдуллаев пен «Шыңғырлау» шекара бөлімшесінің бастығы Н.Оспанәлиев аталмыш отбасыларға күнделікті қажетті заттармен және азық-түлікпен көмек көрсетті.

Осындай қайырымдылық шараларын жалғастырып, қиын кезеңде бір-бірімізге қолұшын соза жүрейік. Алдағы уақытта осындай игі істі жалғастыруды аудандық аурухана басшысы Қылыш Жазықбаевқа жолдады. Жақсыларға қарап үлгі алып, жақсылық жасап жарысайық!

                                                                                     А.Лепес,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале