Жайық өңірі өнерпазға кенде болған емес. Күй атасы Құрманғазы, сыбызғысымен сұлу сазды төгілткен Сармалай, күй анасы Дина Нұрпейісова, Ұзақ, Боғда, Дәулеткерей, Мәмен, Мұхит, Сартай, Құмар, Ғарифолла Құрманғалиев секілді өнер қырандары дүниеге келген Батыс Қазақстан өңірі барша қазақстандықтың мақтанышына айналып қана қоймай, бірнеше буын шәкірттерін тәрбиелеп келеді. Аты үш жүзге мәшһүр «Қазақтың баяны» атанған Мұхит Мерәліұлы әндерінің қаймағын бұзбай Ғарекеңе табыстаған Мұхиттың туғандары Шынтас пен Шайқы болса, аты аталған ән корифейлерінен осынау даңғайыр әншілік дәстүрді бізге жеткізген алтын көпір Ғарифолла Құрманғалиев болатын. Мұхиттардан жалғасқан, Ғарифолламен алмасқан ән мектебінің озық өкілдерінің бірі, айтулы әнші Амангелді Ғұбайдуллин еді.
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №23 санынан оқи аласыздар.
Серік Абдрахманов,
республикалық Ә.Қашаубаев, Ғ.Құрманғалиев атындағы әншілер байқауының лауреаты