13.04.2021, 9:35
Оқылды: 22

Жымпитылық ардагер жайлы баспана сұрайды

Сырым ауданы Жымпиты ауылының тұрғыны, тыл ардагері Бақыт Агрешова аудан әкімдігінің баспана кезегі бойынша үш қабатты үйден берген пәтерді қолайсыз деп санайды. 89 жастағы кейуана жер үй  беруін  сұрап, әкімдік табалдырығын тоздырғанын айтады. «Орал өңірі» газеті редакциясына жолдаған хатында Бақыт Агрешова: «Маған жақында берген пәтер 3-қабатта орналасқан. Лифт жоқ, өзім ауырып-сырқаймын. 90-ға таянған жасымда баспалдақтан түсіп-көтерілу маған қиын. Таза ауа жұтуға сыртқа шыға алмай отырмын. Соғыс ардагеріне теңестірілген  тыл ардагері ретінде маған шағын ауласы бар екі бөлмелі жер үй неге берілмей отыр?» деп жазады.

 1

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №29 санынан журналист Нұртай Текебаевтың «Жымпитылық ардагер жайлы баспана сұрайды» атты мақаласынан оқи аласыздар!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале