17.04.2021, 15:36
Оқылды: 88

Жәңгір хан университетінің ұжымы абаттандыру жұмыстарын жүргізуде

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұжымы жалпықалалық санитарлық-экологиялық айлығына өз үлестерін белсенді түрде қосуда.

IMG-20210417-WA0017

Айлық аясындағы бүгінгі сенбілік жұмыстарына Жәңгір хан университетінің профессор-оқытушыларынан, білім алушылардан және қызметкерлерден құралған 1000-нан астам адам сенбілікке шықты.

Тазалық іс-шарасына қатысушылар оқу орны ғимараттарының аумағын, сондай-ақ өздеріне бекітілген Саратов трассасы бойындағы, Айтқұлов және Жәңгір хан көшелеріндегі қоқыс-қалдықтарды жинады.

IMG-20210417-WA0019

Сонымен бірге оқытушылар мен студенттер университет ауласына 550 көшет, соның ішінде алма, талшын, үйеңкі, емен ағаштарын отырғызып, білім ордасының аумағын абаттандырды.

Сенбілік жұмыстары барысында жиналған күл-қоқыстарды тасымалдауға оқу орнының үш техникасы пайдаланылып, барлық аумақтан 30 тоннадай қоқыс шығарылды.

IMG-20210417-WA0018

Еске сала кетсек, жалпықалалық санитарлық-экологиялық айлығына үшінші апта қатарынан өз үлестерін қосып жатқан университет ұжымы еңбек науқанына алдағы уақытта да атсалысады.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің медиа-орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале