24.04.2021, 11:09
Оқылды: 55

БҚО-да сәуір айында 3 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 8 883 науқас тіркелсе, соның 1 837-сі қаңтарда, 1 950-і ақпанда, 2 138-і наурызда, 2 958-і сәуірде анықталған.

210423135341039a3780072i
Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, сәуір айында сырқаттанғандардың 1 623-і немесе 54,8 пайызынан ЖРВИ белгілері бойынша тексерілгенде індет табылса, 832-і (28,1 пайызы) бұрын ауырғандармен байланыста болған. 458-інен (15,4 пайыз) профилактикалық мақсатта, 45-інен (1,5 пайыз) стационарға жатқызар алдында сынама алынған.

Осы айда КВИ жұқтырғандармен қарым-қатынастағы 4 494 адам медициналық бақылауға алынды.

Соңғы аптада (16-22 сәуір) алдыңғымен (9-15 сәуір) салыстырғанда, індет жұқтыру көрсеткіші 34 пайызға (832-ден 1262-ге) өсіп кетіп отыр.

Ауырғандардың 1071-і (36,2 пайызы) – жұмыс істейтіндер, 739-ы (24,9 пайызы) – зейнеткерлер, 678-і (22,9 пайызы) – жұмыссыздар, 212-сі (7,1 пайызы) – оқушылар, 60-ы (2 пайызы) – медицина қызметкерлері, 62-сі (2 пайызы) – мұғалімдер.

«Төртінші тоқсанда 1 сәуірден бері 210 оқушыдан (88-і дәстүрлі сипатта, 122-сі қашықтан білім алады) КВИ табылды. Қазіргі таңда қала мен аудандардың бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысына сәйкес 4 мектеп толығымен, сондай-ақ 37 мектептегі 79 сынып, 6 балабақшада 7, 1 ЖОО-да 2 топ карантинге жабылған», - деді Н.Мұстаев.

Сәуірде 51862 ПТР тест сынамасы (орта есеппен күніне 2357) зерттеуден өткізілді.

Мониторингтік топтар осы айда 523 рейд жүргізіп, 3120 нысанды қамтыды. 19 нысанда карантин талабын бұзушылық анықталды. 105 хаттама толтырылып, 6,7 млн астам теңгеге айыппұл салынды.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале