Жақында Сырым ауданында ІV республикалық «Қадыр оқулары» байқауы онлайн түрде өткізілді. Байқау Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза Әлидің өлеңдерін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Ашылу салтанаты Сырым ауданының әкімі Т.Төреғалиев пен Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қадыр Мырза Әли қоғамдық қорының директоры, Сырым ауданының құрметті азаматы Донеділ Қажымов және Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, ақын Айтқали Нәріков құттықтау сөз сөйледі.
Байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 42 оқушы қатысты.
ZOOM платформасынан ақындарға арнайы тақырып беріліп, бекітілген уақытта өлең шығарды. «Өлең жаздым, тоғыз тарау, жеті өрім» бағамы бойынша бақ сынап, сынға түскен Айдархан жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, жас ақын, Дилназ Дидарқызы өзінің қарым-қабілет, талантымен, ойлы өлеңімен көзге түсіп, байқаудың бас жүлдесіне ие болды.
Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz