7.05.2021, 16:42
Оқылды: 37

Депутат сыйы

Бәйтерек ауданы Рубежка ауылына арнайы барған облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер, меценат, "Асфа" ЖШС басшысының сенімді өкілі Надежда Калашникова ауылда тұратын ҰОС ардагер Александр Старцевтың шаңырағына бас сұқты.

12AAA93D-8656-4AB3-BCBC-458FDC2334B3

Ардагерді Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс мерекелерімен құттықтаған өкіл қарияға мерекелік сыйлық тарту етті.

-Жеңіс жолында халқымыздың басынан өткен небір қиындық пен қасірет ерлеріміздің ерлігін тарихқа жазып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды. Осы бақытты, шаттық күндерімізді бағалай біліңдер. Өскелең ұрпақ қиындық көрмей, аман болсын. Мереке қарсаңында елеп сыйлық тарту еткен Иван Енютинге де ризашылығым шексіз,- деді ақсақал.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале