Сырым ауданының Бұлан өзені жағасындағы "Достық" жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты рәсімде Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов жазғы демалысқа шыққан жас балдырғандарды лагердің ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Жазғы демалысын тиімді, көтеріңкі көңіл күймен өткізуге келген оқушылар "Жасұлан", "Ақжелкен" атты топтарға бөлініп, өзара топ басшылары сайланып, рапорт тапсыру рәсімін жасады. Алғашқы лектің қатысушылары өз өнерлерін ортаға салып үлгерді.
Ашылу салтанатынан кейін Асланбек Ахметоллаұлы лагердегі демалушылардың жағдайын біліп, ахуалымен танысып қайтты.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz