Жуырда Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогтары Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Жәнібек-Ұзынкөл-Мұратсай-Орда-Сайқын-Жәнібек» маршруттары бойынша бірінші дәрежелі қиындықтағы веложорыққа шықты.
Веложорықшылар өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдады. Жорықтың негізгі мақсаты – қосымша білім беру педогогтарының біліктіліктерін арттырып, салауатты өмір салтын сақтауға бейімдеу. Жорық барысында қатысушылар көршілес ауданның тарихымен танысып, мұражай аралап, естелік суреттерге түсті.
Бақытжан Серіков,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz