10.06.2021, 17:37
Оқылды: 44

Жәнібектік ұстаздар веложорыққа шықты

Жуырда Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогтары Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Жәнібек-Ұзынкөл-Мұратсай-Орда-Сайқын-Жәнібек» маршруттары бойынша бірінші дәрежелі қиындықтағы веложорыққа шықты.

03209F61-A838-4848-86B0-A30793DFB77A

Веложорықшылар өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдады.  Жорықтың негізгі мақсаты – қосымша білім беру педогогтарының біліктіліктерін арттырып, салауатты өмір салтын сақтауға бейімдеу. Жорық барысында қатысушылар көршілес ауданның тарихымен танысып, мұражай аралап, естелік суреттерге түсті.

Бақытжан Серіков,

Жәнібек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале