10.06.2021, 18:01
Оқылды: 42

Кәсіподақ – қауіпсіз еңбек үшін!

2021 жылдың 25 маусымы күні Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен әлімжеттікті жою туралы» №190 конвенциясы күшіне енетін болады. Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен аталмыш конвенцияның мақсаты мен принциптерін қолдау мақсатында «Іс-әрекет аптасы» жарияланды. Бүгін Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен кәсіподақ мамандарының, салалық кәсіподақ бірлестіктерінің заңгерлері мен кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылықты жою» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді.

6D79D35B-5056-4B15-93FB-D196C987A6EE

Онлайн кездесу спикері, БҚО полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Диляра Сатарова өз сөзінде соңғы жылдары өңірде зорлық-зомбылық фактілерінің күрт өскендігін айтып өтті. Маман бұл цифрды елдегі пандемиялық жағдайдағы «кезбеліктен» деп болжайды.

Сонымен қатар, департамент қызметкері:

- Еңбек саласындағы әлімжеттік, қысым көрсету, зорлық-зомбылық көріністері физикалық сипатта ғана емес, жыныстық, психологиялық сипатта да кездеседі. Меніңше, бұл жағдайлар күнделікті өмірде жиі ұшырасады, дегенмен біздің мән бермегендігімізден ескерілмей қалады. Ендігі жерде оны ескеретін, назар салатын конвенция жұмыс істейтін болады, - деді.

1B3B2F3D-09FD-49BE-9BF2-56CE4B26C637

Кездесу қатысушысы, спикер, «MINBER» ақпараттық агенттігінің азаматтық журналисті Альфия Шамаева мұндай олқылықтарға жол бермес үшін медиа саласымен жиі жұмыстар жүргізіп, ақпараттық насихаттар мен ашықтық диалогтарын құру керек екендігін жеткізді.

Облыстық Кәсіподақтар орталығының қызметкері кездесу спикерлеріне еңбек саласында өзіндік сырт келбеті, киім үлгісі арқылы ерекшеленгені үшін жұмыстан шығарылған қызметкерлер шағымдары туралы сұрады. «БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ жанындағы жұмысшы әйелдер комиссиясының мүшесі Жанат Нұрахметова еңбек қатынастарында жиі орын алатын балалар еңбегінің асыра қолданылуы жөнінде шағын презентациялық тұжырымдамасын ұсынды.

C4D86DA2-5163-4ECE-BEF9-09CC5718517F

Кездесу соңында «БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ төраға орынбасары Бауыржан Атауов еңбек адамын қорғау- кәсіподақтың ең басты міндеті екендігін еске салып, қатысушыларды аталмыш конвенцияның ақпараттық таралымына қолдау білдіруге шақырды.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале