23.06.2021, 20:05
Оқылды: 30

Тасқалада балаларға арналған ерекше шара өтті

Балаларды қорғау – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Әр бала бақытты болуға лайықты. Жақында Тасқала аудандық «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандарының ұйымдастыруымен ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға арналған керемет шара өтті.

каб кор (3)

Осынау періште пейілді балдырғандардың риясыз күлкісіне не жетсін десеңізші?! Кішкентайлардың қалтқысыз қуанышына орай ұйымдастырылған шарада бүлдіршіндер былдырлаған тілдерімен ән салып, би биледі, әр түрлі ойындарға да кезек берді. Айтулы шараға ата-аналар мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Демеушілер сәбилерге тарту-таралғысын ала келді. Соның ішінде осы бүлдіршіндер қуанышына ортақтасып, демеушілік білдірген «Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» МКК ұжымы мен басшысы Е.Тулешевке балалар мен ата-аналар атынан айтар алғысымыз шексіз.

Ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеп, әрқашанда сәби жүзінен сыңғырлаған күлкі кетпесін деп тілейміз.

Зарина Дүйсенова,
«Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале