БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев "Луч" Волжский жарық техникалық зауыты" ЖШҚ-ның бас директоры Константин Лазаревпен және "НПО Луч Каз Электро" ЖШС-нің басқарушы серіктесі Алексей Сединмен кездесті.
"НПО Луч Каз Электро" ЖШС – Қазақстандағы кәсіби энергия үнемдейтін жарық техникалық жабдықтарының өндірушісі.
Зауыт жалпы және арнайы мақсаттағы әртүрлі қолдану салаларына арналған 2000-нан астам номенклатуралық жабдық түрлерін шығарады.
Қазіргі уақытта компанияның өз қуаттылығы айына 50 000 бірлікке дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Компанияның жеке конструкторлық бюросы мен жарық-техникалық зертханасы бар.
Кездесу барысында компания өнімдерін өңірде өндіру және қолдану мәселелері талқыланды. Тараптар БҚО-да энергия үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, жарық-техникалық жабдық өндірісін жолға қою жөніндегі идеяны іске асыруға қызығушылық танытты.