24.06.2021, 9:07
Оқылды: 127

БҚО әкімінің бірінші орынбасары "Луч” Волжский жарық техникалық зауыты" ЖШҚ және "НПО Луч Каз Электро"ЖШС басшылығымен кездесті

БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев "Луч" Волжский жарық техникалық зауыты" ЖШҚ-ның бас директоры Константин Лазаревпен  және "НПО Луч Каз Электро" ЖШС-нің басқарушы серіктесі Алексей Сединмен кездесті.

744A57EF-4DFE-4B52-A652-93779783800A

"НПО Луч Каз Электро" ЖШС – Қазақстандағы кәсіби энергия үнемдейтін жарық техникалық жабдықтарының өндірушісі.

Зауыт жалпы және арнайы мақсаттағы әртүрлі қолдану салаларына арналған 2000-нан астам номенклатуралық жабдық түрлерін шығарады.

549F32F5-9105-49D1-AD25-2FF45418C578

Қазіргі уақытта компанияның өз қуаттылығы айына 50 000 бірлікке дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Компанияның жеке конструкторлық бюросы мен жарық-техникалық зертханасы бар.

477B2FEB-B615-46FD-AE3A-595296F82C57

Кездесу барысында компания өнімдерін өңірде өндіру және қолдану мәселелері талқыланды. Тараптар БҚО-да энергия үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, жарық-техникалық жабдық өндірісін жолға қою жөніндегі идеяны іске асыруға қызығушылық танытты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале