19.07.2021, 15:38
Оқылды: 89

Ауылға іскер әкім керек

«Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз бар. Сондықтан ауыл әкімдерін сайлау бастамасы халық пен билік арасын жақындастыра түседі деген сенімдемін. Биыл ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы елімізде алғаш рет өткізілуде. Ауылға шын мәнінде іскер, сол ауыл тұрғындарының жағдайын жетік білетін, көппен жұмыс жасай алатын әкім керек. 

40F1F621-0FD1-4063-B134-9F08012E3713

Осы ретте халық осы талаптарға сай басшыны өздері таңдай алады. Бүгінде ауыл әкімдерінің алдында тұрған міндеттер өте көп. Халқына жақын болып, халықпен ақылдаса отырып барлық мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету керек. Елінің еңбегін бағалап, кем-кетігін түзетіп халыққа адал қызмет көрсететін көреген тұлға болса ғана әкім халықпен бірге. Әкімді халық сайлайды. Сол себептіел үмітін ақтауы тиіс.

Айгүл Әлмаратқызы,

Жаңақала аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале