21.07.2021, 20:40
Оқылды: 18

Бәйтерек ауданының тұрғыны суық қарумен ұсталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес оздырылған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы Бәйтерек ауданында да өтті.

InShot_20210721_202750418

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, алдымен аудандық полиция бөлімі басшысының бұйрығымен арнайы жұмыс тобы құрылып, жедел іс-шараны өткізу жоспары бекітілген. Құқық қорғау қызметкерлері шара барысында «қолайсыз», «маскүнем», «нашақор» отбасыларды және бұрын сотты болған​ азаматтарды тексерді.

Қоғамдық орындарда тиісті тәртіп сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында өткен шарада полицейлер мекенжайлық тексерістер ұйымдастырып, кей азаматтар арасында түсінік жұмыстарын жүргізді. Негізінен құқықбұзушылықтың алдын алу туралы сөз болды. Десе де шара нәтижесінде 21 адам түрлі құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір азаматтан суық қару тәркіленген.

Сонымен қатар бір азамат қылмыстық жазаға тартылыпты. Бұл ақпаратты берген жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция майоры Азамат Жумагулов тұрғындарды құқықбұзушылық жасамауға шақырады.

Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале