23.07.2021, 9:28
Оқылды: 87

Мәңгілік тақырыпқа диалог

Бүгінгі қонағымыз филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, ҚР Білім беру ісінің озық қызметкері, әр жылдарда облыстық, қалалық «Қазақ тілі» қоғамының жетекшісі бола жүріп, рухани салаға өзіндік үлесін қосқан Бақыт Әжіғұлқызы Шканова.

WhatsApp Image 2021-07-23 at 09.26.36

Дариға Ғазезқызы:

– Бақыт апа, «Сабақты ине сәтімен» деп, биылғыдай Тәуелсіздіктің белесті жылында сізбен әңгімелесудің реті келіп қалғанына қуаныштымын. Осыдан отыз жыл бұрын бөркін аспанға атып, балаша шаттанып есік ашқан Тәуелсіздіктің алғашқы баспалдақтары оңай да болмағанына ел куә, сіз бен біз куә. Куә ғана емес, арман болған егемендіктің буыны бекіп, бұғанасы қатуына әркім шама-шарқы жеткенінше үлес қосты ғой деп ойлаймын. Майдан көп болды бұл жолда, әлі де аз емес...

Тіл, өнер, ұлттық дәстүр, білім, рух пен намыс майданда­рының тоқсаныншы жылдардағы күрескерлері болған сияқты екенбіз-ау, қарап тұрсам. Ішінде жүрген соң етіміз үйреніп, сүйектен өтер­дей, жүрекке салмақ салардай ызғарын сезінбеппіз. Айсұлу Қадырбаева, Зияш Аманғалиева, Қатимолла Бердіғалиев болып топтаса жүріп ұлттық мүдде қызметіне жегілдік. Білім саласында бұл мәселе күйіп тұратын ол кезде де...

Орал қаласында, қала маңындағы ауылдарда әр қазақ мектебінің ашылуы тыңға түрен салғандай қиындықтармен жүрді ғой. Мына тұрған Трекино, Желаев ауылдарында азғантай баламен екі-үш кластық қазақ мектептерін ашып алудың өзі үлкен дау-дамай, теке-тіреспен, қиқумен жүзеге асқанын басқа ұмытса да, қашан да сондай мәселелердің қақ ортасында жүретін біз ұмытпаспыз. Сең қозғалмай, сіресіп жат­қан жерлер ге қазақылық дәнін сеуіп, қан­дастардың рухын көтеріп, оятып кету үшін арнайы жиындарына қатысып, ақыры тұ­саукесеріне шейін араларында жүретінбіз. Әндерімізді салып, жыр­ла­рымызды төгіп, бір ауыз сөзі­мізді айтып кеткенімізді де ес көретін балаларын қазақша оқытам дегендері үшін көп бөгетке тап болған қазақтар сол күнде. Соның бәрі тарих. Тарих деген өзінен өзі жасалмайды, қоғам­ның тыныс-тіршілігінен өріле бе­реді екен ғой.

Бақыт Әжіғұлқызы:

– Иә... Біз де сол кезде елмен бірге өзіміз де байқамастан ерлікке бергісіз істерді атқарып жүрген екенбіз... Уақытпен де санаспай, жеке басымыздың қауіпсіздігін, денсаулығымызды да ойламай... Бірақ сол ұлт үшін жасаған жұмыстарымыздан өзіміз де рух алдық қой. Өмір мектебінен өтіп, бай тәжірибе, зор қуат, шапағат жинадық.

Енді сол жиған-тергенді ұрпаққа жеткізіп, саналарына құйып кету – тағы бір парыз.

Мына «Мәңгілік тақырыпқа диалог» арқылы, «Үзіліс» арнаулы беті арқылы оқырманға ой саларлық дүниелерді жарыққа шығарып жатырған еңбегің де сол ұстаздық атты сауапты істеріңнің жалғасы дер едім. Осы 30 жылда қандай қиын жолдар­мен жүріп, қандай алдырмас асуларды алу үшін қанша халық еңбек етті.

Мысалы, жанға жайлы Алматыны тастап, ақшұнақ аязы мен бораны көз аштырмайтын құлатүздегі Ақмолаға көш түзеген ел басшыларының ісін революционерлікпен пара-пар қадам деп бағалар едім.

Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 23 шілдедегі  №59 санынан оқи аласыздар.

 

Дариға Мұштанова,

«Үзіліс» арнайы бетінің қоғамдық редакторы, Ы. Алтынсарин белгісінің иегері,

ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР Мәдениет саласының үздігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале