Қазақстанға Sinopharm (Vero Cell) вакцинасының 3 миллион дозасы келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Vero Cell Sinopharm вакцинасының (ДДСҰ мақұлдаған) 3 миллион дозасындағы кезекті партиясы Қазақстанға келіп түсті, - деп жазды Алексей Цой өзінің Facebook-парақшасында.
10 тамызда Sinopharm компаниясының бір миллион доза мөлшерінде Vero Cell вакцинасының алғашқы партиясы келген болатын.
baq.kz