5.03.2015, 16:57
Оқылды: 39

Энергия аудиті өтпек

kolik11


Әлеуметтік нысандардың энергия тиімділігін арттыру үшін мемлекетіміз Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, арнайы гранттық жобаны іске асыруда. Соған орай алдағы жылдарда 70-тен астам мектеп, балабақша, аурухана және қалалардағы көшелер осы бағытта жаңғыртылатын болады.


Энергия үнемдеу саясаты және қолға алынған іс-шаралар нәтижесінде республикамызда жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы 18,6 пайызға төмендеп, Елбасының Үкіметтің алдына қойған міндеттері нәтижелі орындалмақшы. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ер-жанов мәлім етті.

– Энергия үнемдеу мемлекеттің стратегиялық және жаңа индустрияландыру саясатының міндеттеріне жатады. Осыған байланысты алдымызға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін маңызды іс-шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда, нормативтік-құқықтық база құруда энергия үнемдеу және оның тиімділігін арттыру туралы заң қабылданды. Екіншіден,  осы заңның аясында маңызды нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар дайындалуда. Соның ішінде  көлік технологияларына, үйлер мен ғимараттарға,  құрылыс материалдарына энергия үнемдеу бойынша міндеттер мен талаптар да бар. «Мемлекеттік энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасы аясында өңірлік  және салалық энергия үнемдеу жоспарлары орындалуда. Энергия үнемдеу заңына сәйкес 2016 жылдың шілдесіне дейін еліміздегі 3 мыңнан астам кәсіпорын энергия аудитінен өтуі қажет. Сол аудиттің қорытындысы бойынша осы кәсіпорындардың техникалық процестері, ғимараттары жаңғыртуға бағытталатын болады, – деді  Аманияз  Ержанов.


Мәди ЫҚЫЛАС

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале