15.09.2021, 9:48
Оқылды: 27

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Президенттік кадр резервіне екінші іріктеу кезеңі басталды.

 4

Президенттің 2021 жылғы 18 мамырдағы №580 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде (В1) білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізу үшін қажетті техникамен жабдықталған Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің фронт офисінде, қала және аудан әкімдіктерінде, сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалындағы коворкинг орталығында арнайы кабинеттер ашылды.

Резерв бойынша толық ақпаратты pkrezerv.gov.kz сайтынан табуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале