19.03.2015, 9:47
Оқылды: 93

Ардагер ұстазды қабылдады

img_0395


Екі ғасырдың куәгері, ардагер ұстаз, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері Мерует Жолдықайырқызы жақында  90 жасқа толды. Өткен сейсенбі күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мерейтой иесін арнайы қабылдап, сый-сияпат көрсетті.


– Ұлы Отан соғысындағы Же-ңістің 70 жылдық мерекесі де таяп келеді. Біз сізді  миллиондаған адам зарыға  күткен «Жеңіс» деген қуанышты хабарды 1945 жылдың 9 мамыры күні радио арқылы облыс жұртшылығына  жеткізіп, халқынан сүйінші сұраған сол кездегі облыстық радионың дикторы  ретінде жақсы білеміз. Ал өзіңіз «Әкем – институт, анам – кафедра»  деп айтқаныңыздай, бүкіл саналы ғұмырыңызды  білікті маман даярлау ісіне арнап, жарты ғасырдан астам А. Пушкин атындағы Орал педагогика институтында ұстаздық қызметте болдыңыз. Бүгінгі мерейлі жасыңыз құтты болсын, сізге ұзақ ғұмыр тілеймін! - деді облыс басшысы Нұрлан Асқарұлы.

Ұлағатты ұстаз өзінің өмір белестерін ой елегінен өткізіп, сонау соғыс жылдары білім алған институтынан шет кетпей, жарты ғасырдан астам уақыт еңбек етуі және осы жылдарда жастарға білім беруде қол жеткізген жетістіктері  сол кездегі ұстаздарының, институт басшыларының көмегі екенін  әңгімеледі.

Қабылдаудан кейін журналистерге берген қысқа сұхбатында ардагер Мерует апай  облыс басшысына өз атына айтқан жылы лебізі үшін аналық алғысын  жеткізіп, жас ұрпаққа ашық аспан, бейбіт өмір тіледі.


Еламан БАДЕНҰЛЫ,

«Орал өңірі»

Суретті түсірген

Медет  ДОСУМОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале