Батыс Қазақстан облысында 216 944 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілді.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, бұл - облыс бойынша егілуге тиісті тұрғындардың 60,3 пайызы.
Оның сөзіне қарағанда, кеше 626 адам бірінші компонентті қабылдады. Соның ішінде 11-і - студент, үшеуі - медицина қызметкері, төртеуі - педагог, төртеуі - құқық қорғау органының өкілі, бесеуі - мемқызметші, 44-і - созылмалы сырқаты бар адамдар.
«Облыста вакцинация мәселелері бойынша 24-00-06 call-орталық телефоны жұмыс істейді. Сондай-ақ егу кабинеттері, ПТР-зертханалардың мекенжайларын, рентген кабинеттерінің жұмыс кестесін, ковид жұқтырып, амбулаториялық ем алып жүрген науқастарға арналған тегін дәрілік заттар тізбесін, басқа да пайдалы ақпаратты stopcovid.kz сайтынан білуге болады», - деді А.Сақпосынова.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 215 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын жазған болатынбыз.
Дереккөз: inform.kz
Сурет: med.kg